Атап айтқанда, министрліктің құзыретіне бірқатар жаңа функция қосылды:
- Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобаларына кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- уранды барлау немесе өндіру жөніндегі келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсатында сұралатын учаскенің кеңістіктік шекараларын келісу және оның жер қойнауын пайдалануға берілмегенін растау;
- өнеркәсіптік (өндірістік) нысан салу жөніндегі инвестициялық жобалардың талаптарын ескеретін қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу немесе оған өзгерістер енгізу мүмкіндігін жергілікті атқарушы органдардың растауы;
- жалғыз тұрғынжайы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту.
Сонымен қатар министрліктің кейбір функциялары жаңа редакцияда жазылды:
- құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жасауға қатысу үшін сараптамалық топтар құру және мамандарды (сарапшыларды), мамандандырылған институттар мен ұйымдарды тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ҚР заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қалалардың сәулеттік келбеті мен қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;
- тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан азаматтары мен қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою және есептен шығару қағидаларын, сондай-ақ аталған электрондық базаны жүргізу мен түгендеу тәртібін әзірлеу және бекіту.
Қаулы 2026 жылғы 17 қарашадан бастап күшіне енеді.