Енді қаржы ұйымдары киберқауіпсіздігін жылына бір рет тексереді

Фото: freepik
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 2026 жылғы 30 қазандағы қаулысымен қаржы ұйымдарының қаржы саласындағы, оның ішінде киберқауіпсіздікке қатысты ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қою қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаға сәйкес, бағалау іс-шаралары – киберқауіпсіздік қатерлерін модельдеуге, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына, оның ішінде киберинциденттерге ден қою және маңызды ақпараттық активтердің жұмысын қалпына келтіру әрекеттерін пысықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, басқарушылық және техникалық іс-шаралар кешені.

Қаржы ұйымдары бағалау іс-шараларының мынадай түрлерін жүргізеді:

Құжаттамалық бағалау іс-шаралары маңызды ақпараттық активтерге әсер етпей, киберқауіпсіздік қатерлерін модельдеу түрінде өткізіледі.

Оның барысында басқарушылық шешімдер қабылдау, ден қою рәсімдері және қаржы ұйымы бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталады.

Функционалдық бағалау іс-шаралары қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына, оның ішінде киберинциденттерге ден қоюға қатысатын қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Бұл іс-шаралар барысында құрылымдық бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қою тәртібін реттейтін ішкі құжаттар талаптарының орындалуы тексеріледі.

Техникалық имитациялық бағалау іс-шаралары қаржы ұйымының ағымдағы операцияларын орындау үшін пайдаланылмайтын бақыланатын ортада техникалық құралдарды қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын модельдеуді көздейді.

Қаржы ұйымдары бағалау іс-шараларын тұрақты негізде, күнтізбелік жылына кемінде бір рет өткізуге міндетті.

Жоспардан тыс бағалау іс-шаралары мынадай жағдайларда жүргізіледі:

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінде жоғары тәуекелдер немесе елеулі кемшіліктер анықталған жағдайда уәкілетті органның ұсынымы бойынша да жоспардан тыс бағалау іс-шаралары өткізіледі.

Әрбір бағалау іс-шарасы бойынша мынадай мәліметтер қамтылған жоспар әзірленеді:

Жоспарды қаржы ұйымының уәкілетті лауазымды тұлғасы уәкілетті органмен келісу арқылы бекітеді.

Бағалау іс-шараларын өткізу барысында қатысушылардың әрекеттері, қабылданған шешімдер мен анықталған кемшіліктер міндетті түрде құжатталады.

Қаржы ұйымы ден қоюдың уақыт көрсеткіштерін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік оқиғасының анықталған уақытын және жүйенің қалпына келтірілген уақытын, сондай-ақ жоспарда көзделген өзге де көрсеткіштерді тіркейді.

Уәкілетті орган бағалау іс-шараларына мынадай мәртебелердің бірімен қатыса алады:

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша қаржы ұйымы мынадай мәліметтерді қамтитын құжатты қалыптастырып, бекітеді:

Бағалау іс-шарасының нәтижелері туралы ақпарат ол аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен инциденттері туралы ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған жүйе арқылы уәкілетті органға ұсынылады.

Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады