Павлодарда сабаққа кешіккен оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: pexels
Павлодарда жедел қызмет нөміріне қоңырау шалып, жоспарланып отырған терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, жасөспірім сабаққа кешігіп келген. Спорт залында қараусыз қалған телефонды байқап, жедел қызмет нөміріне қоңырау шалған. Ол жоспарланып отырған терроризм актісі туралы хабарлаған.

Жасөспірімнің айтуынша, ол мұндай әрекеттің қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін ойламаған. Полиция қызметкерлері қоңырау түскен телефон нөмірін жедел анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексерді.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді заңды өкілдерінің бақылауына тапсырылды", – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар жалған хабарламаға байланысты жедел қызметтердің әрекет етуіне жұмсалған шығындар өтелуге тиіс. Аталған жағдайда келтірілген шығындарды өндіру мәселесі жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты қаралады.

Полиция ата-аналарды балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге және жедел қызмет нөмірлеріне тек нақты көмек қажет болған жағдайда ғана хабарласу керектігін ескертуге шақырады. Ойланбай жасалған бір қоңыраудың өзі ауыр құқықтық және материалдық салдарға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін елімізде пошта сәлемдемесі желеуімен алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болғаны ескертілген болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді