Салықтық тексеруді тағайындау тәртібі өзгерді

Фото: freepik
Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, оған жазбаша қарсылық білдіру және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, салықтық тәуекелдерді анықтау тәсіліне қарай тексерулерді тағайындау тәртібі сараланды.

Енді тәуекелдер екі санатқа бөлінеді:

Автоматтандырылған процесс арқылы анықталған тәуекелдер бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің тізімін қалыптастырып, тексеруді жүргізу үшін тиісті департаменттерге екі жұмыс күні ішінде шешім жолдайды.

Ал автоматтандырылмаған тәуекелдер бойынша жеке тәртіп енгізілді. Оған сәйкес, Комитет шешімді департаментке жібереді. Департамент тексеруді тағайындау туралы шешімді өз бетінше қабылдап, оны орындайды немесе мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды.

Сонымен қатар салықтық тәуекелдер критерийлерін ескеретін органдардың аясы кеңейтілді. Енді қағидаларға қосымшадағы 2-қосымша тек Мемлекеттік кірістер комитетіне ғана емес, департаменттерге де қолданылады.

Салық жүктемесінің критерийі де өзгерді. Кешенді тексерулер үшін салалық көрсеткіштің жоғарғы мәнінің кемінде 90%-ы деген талаптың орнына 90%-дан төмен көрсеткіш белгіленді.

Ал екі жыл ішінде қосылған құн салығы бойынша дебеттік сальдоның 100 млн теңгеден асуы туралы критерий (экспорттаушыларды қоспағанда) өзгеріссіз қалды.

Бұйрық 2026 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды