Полицейлердің мәліметінше, жылқылар иелерінің қарауынсыз жайылып жүрген жерінен ұрланған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, малды қараусыз қалдырмай, жайылымдарды тұрақты бақылау, жануарларды сәйкестендіру құралдарын пайдалану және мүмкіндік болса, мал ұсталатын орындарға бейнебақылау камераларын орнату ұсынылады.