Өскемен аялдамаларында жылы автобустарға кіріп шай ішіп алуға болады

www.inform.kz
Өңірдегі қатты аязға байланысты қала тұрғындары автобусқа кіріп жылынып ыстық шай іше алады.

Қала әкімі Қуат Тұмабаевтың тапсырмасымен 25-27 қаңтар аралығында сағат 17:00 ден 19:00 ге дейін өскемендіктер үшін аялдамалар маңында жылы автобустар жұмыс істеп тұратын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл жылы аялдамалар емес, жылы автобустар. Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Өскемендегі 10 аялдаманың жанына 10 жылы автобус қойылған.

Өңірдегі қатты аязға байланысты қала тұрғындары автобусқа кіріп жылынып ыстық шай іше алады.

«Автобустардың ішінде тегін ыстық шай мен кофе ұйымдастырылған. Маңдай терезесінде «Жылыту пункті» деп жазылған 10 автобус қазір халыққа қызмет етіп тұр. Бұл автобустар қала шетіндегі оқушыларды мектеп тасуға арналған қоғамдық көліктер. Балалар сабақтан босатылғандықтан автобустар аязда игі мақсатқа пайдаланылуда», - деп хабарлайды Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жылыту автобустары қойылған Өскемендегі адамдар ең көп жиналатын аялдамалар тізімі:

1. Ушанов алаңы;

2. "45-тегі гастроном";

3. "Қазақстан";

4. "Ивушка";

5. Орталық базар;

6. Әділет үйі;

7. Өзен вокзалы;

8. Халифа Алтай мешіті;

9. Ахмер (әскери қалашық); 10. ГЭС.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты