Ақмола облысында жерлеу рәсіміне келгендер тамақтан уланып, ауруханаға түсті

stan.kz
Асқа келгендер келесі күні өздерін нашар сезініп, дәрігерге жүгінген.

Жерлеу рәсіміне келген Ақмола облысы Шортанды ауылының тұрғындары тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Асқа келген 150 адамның 45-і уланған. Инфекцияның неден болғанын анықтау үшін зертханалық тексеру жүргізілуде. Улану фактісімен ауруханаға түскен алты адамға сальмонеллез диагнозы қойылды. Ал қалғандарынан улану белгілері табылған жоқ», – деді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсем Тлеубаева.

Шортанды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, 6 наурызда мейрамханадағы жерлеу рәсіміне берілген асқа 150 адам ғана қатысқан. Асқа келгендер келесі күні өздерін нашар сезініп, дәрігерге жүгінген. Астан уланғандар қазірге дейін амбулаториялық ем қабылдауда. Кейін жерлеу рәсімін өткізген отбасының азық-түлік пен ет өнімдерін өздері әкелгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты