Ақтөбеде қаңғып қалған әйелдің балалары туберкулезге шалдығуы мүмкін деп күдіктеліп отыр

Сурет: zakon.kz
Бұл жайт Алға ауданының әкімдігінде қаралып, зардап шеккен азаматша балаларын түгел қолына алды.

Облыстық ІІД таратқан мәліметтерге сүйенсек, 39 жастағы азаматшаны 60-тан асқан күйеуі бір баласымен үйінен қуып шыққан. Қалған балаларын отағасы өзімен бірге алып қалған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл жайт Алға ауданының әкімдігінде қаралып, зардап шеккен азаматша балаларын түгел қолына алды. Кейін ол Ақтөбедегі «Малика» дағдарыс орталығына орналастырылады.

«Бұл отбасының келешекте тұрғын жайын, жұмысқа тұру мәселесін дағдарыс орталығы өздері қолға алды. Азаматшаның балалары бұрын туберкулезбен ауыратын әкесімен ұзақ уақыт бірге тұрғандықтан, олар облыстық «Шағала» шипажайына 6 айға емделуге жіберілді», — деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты