Семей маңындағы орман өрті ауыздықталды

inform.kz 
Өрттің алдын ала шығу себебі - тұрғындардың отты абайсыз қолдануы.

Кешкі сағат 21:00-де Семей маңында жанып жатқан орман өрті ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Семей орманы» табиғи резерватының бөлімше басшысы мәлім еткендей, өрттің жалпы аумағы 100 гектарды құрайды.

«Өрт шыққан жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Дәл қазіргі жағдай бойынша жекелеген ошақтар жанып жатыр. Оны орман шаруашылығының қызметкерлері аспалы өрт сөндіргішпен және шартылдақпен сөндіруде. Өрттің шарпу қаупі жоқ», - делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында.

Өрт шыққан жерге 8 өрт сөндіру техникасы және облыстық өрт сөндіру қызметінің 79 адамы, «Семей орманы» табиғи резерватының 234 қызметкері және 50 техника, соның ішінде 25 автоцистерна жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала шығу себебі - тұрғындардың отты абайсыз қолдануы.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы қарағай орманы өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді