Байқоңырда әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салынды

sputniknews.kz
Ғарыш айлағының қызметкерлері қызметтік хабар алмасу үшін ұжымдық электронды пошта қызметін ғана пайдаланады.

Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерімен де, жеке гаджеттермен де әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды. Бұл ақпараттың жайылып кетуінің алдын алу мақсатында жасалған, делінген ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің өкімінде, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Қызметтік ақпараттың жайылып кетпеуін, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау мақсатында филиал қызметкерлеріне жұмыс кезінде әлеуметтік желілерге және жедел хабар алмасу жүйелеріне кіру үшін жеке ұялы телефондары мен планшеттерін пайдалануға тыйым салынады", — делінген құжат мәтінінде.

Құжатта әлеуметтік желілер тізімі мен Telegram сияқты мессенджерлер атауы көрсетілген.

Қызметтік хабар алмасу үшін ұжымдық электронды пошта қызметін пайдалану талап етіледі, делінген өкімде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты