Көкшетауда өрік, қауын және қарбызда нитраттар шамадан тыс көп болып шықты

www.inform.kz
Азық-түлік өнімдерінің санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 120, микробиологиялыққа 100 және паразитологиялыққа 100 сынама алынды.

Көкшетаудағы сауда орындарында сатып жатқан өрік, қауын және қарбызда нитраттардың шамадан тыс көп екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша «Жібек жолы» сауда кешені аумағында «Қауіпсіз және сау өнімді таңда» атты акция өткізілді.

Оған Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ұлттық сараптама орталығы және Көкшетау қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандары тартылып, тұтынушыларға сапалы дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы, сапалы азық-түлік өнімін таңдау және азық-түліктен улануды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Тұтынушылар сатып алған өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігіне тегін зерттей алды. Мамандар экспресс әдісі және қазіргі заманғы аспаптардың көмегімен санаулы минуттардың ішінде өнімнің жеуге жарамды не жарамсыз екенін анықтап берді», деп түсіндірді ведомстводан.

Акция кезінде азық-түлік өнімдерінің санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 120, микробиологиялыққа 100 және паразитологиялыққа 100 сынама алынды. Нәтижесінде 18 сынамада санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сай келмегені анықталды. Соның ішінде өрікте-12, қауында-3 және қарбызда-3 сынама.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты