Астанада 15 мектеп директоры жазаланды

elorda.info
Мұндай шаралар әкімшілік кедергілер мен адам факторын жоюға ықпал етеді.

​Оқу жылы басталар алдында көптеген мектеп басшылары ата-аналардан қосымша құжаттар сұратып, соның нәтижесінде ХҚКО-ларда жұмыс жүктемесі көбейген, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиеваға сілтеме жасап.

«Оқу жылы қарсаңында біз Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызметтерге мониторинг жүргіздік. ХҚКО-ларда мектептердің артық құжаттарды талап етуі себебінен, оқушылардың ата-аналары кезекте тұрып, жұмыс жүктемесі көбейген», - деді Жазира Жылқышиева.

Ол мемлекет процестерді жаппай цифрландыру жолымен жүргізіп жатыр деп атап өтті. Мұндай шаралар әкімшілік кедергілер мен адам факторын жоюға ықпал етеді. Алайда, бүгінгі күні барлық процедуралар сандық емес. Соның салдарынан лауазымды тұлғалар артық құжаттарды талап ете отырып, өз өкілеттіктерін асырып түсетін жағдайлар туындайды.

«Аталған ақпарат Астана қаласының Білім басқармасына жіберілді. Мектептің 5 директорына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. 10 директорға қатаң ескерту жасалды», - деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі