Күдіктіні ұстау барысында жараланған полицей марапатқа ұсынылды

Әзірге жарақат алған сақшының амандығын тілеп, қызметтес әріптестері келіп, қолдау жасап жатыр.

Тәртіп сақшысын пышақтап тастаған жігіт бұрын да істі болғаны анықталды. Рақымшылыққа ілініп, босап шыққан ол, тағы да қылмыс жасады. Бұл жолы тәртіп сақшысын, пышақтап қолға түсті. Ал бұзақының қолынан жараланған полицейдің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Кешегі қанды оқиға қаланың қақ ортасында орын алған. Тапа тал түсте полиция инспекторын пышақтап тастаған. Көп қан жоғалтқан тәртіп сақшысы соңғы әлі қалғанша қылмыскермен күресіп, әріптестері көмекке келгенше ұстап тұрған. Жарақат алған инспекторды ақ халаттылар дереу ауруханаға жеткізіпті.

Мақсұт Аймағанбетов, Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері: «Біраз қан жоғалтқан. Пышақ жарақаты көп. Тез арада ота жасадық».

Күдіктінің екеуі де сол маңнан ұсталып, оқиға басына ІІД басшы құрамы да келіпті. Прокурорлар мен криминалистер де осы жерде тергеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға болған жерден пышақ тәркіленіп алынды. Сол күні — ақ инстаграмм парашаларында күдіктінің видеосы тез тарап кетті.

Учаскелік инспектор бектілген аумақты аралау кезінде бұл екі жігітті автотұрақтың жанында кезіктірген. Күдік туғызғандықтан құжаттарын сұраған. Осы кезде бірі қаша жөнеледі. Оны қуып жеткен тәртіп сақшысын бірнеше жерден пышақтаған бірі бұрын істі болған екен.

Ерғали Кенжебаев, Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы: «Күдікті бұрынғы ОҚО тұрғыны. 1992 жылғы жігіт бұрын ұсақ — түйек ұрлықтар жасаған. Телефон ұрлаумен айналысқан. Кейіннен құрықталып, қолға түскен. Рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шыққанына да көп уақыт бола қоймаған».

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізідліміне алынып, қылмыстық іс қозғалған.

Әсел Саденова, Шымкент ҚІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК — нің1 бабымен «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде».

Қырағылық танытқан тәртіп сақшыларының іс — әрекеті бойынша қалалық ішкі істер департаменті өкілдері марапатқа ұсынбақ. Әзірге жарақат алған сақшының амандығын тілеп, қызметтес әріптестері келіп, қолдау жасап жатыр.

Дереккөзі: Отырар.кз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: