Алматы-Бішкек жолында көлік апатынан 21 адам зардап шекті 

sputniknews.kz
Дәрігерлердің көмегіне жүгінген жиырмадан астам адамның алтауы ауруханаға жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде.

Алматы облысы Алматы-Бішкек тас жолында ірі жол апаты болды, салдарынан 21 адам зардап шекті деп жазады sputniknews.kz.

Әлеуметтік желіде апаттың қорқынышты суреттері мен видеосы жарияланды. Көлік апаты күндіз болған сияқты, зардап шеккендердің көпшілігі ер адамдар. Қаскелеңге кірер жолда ірі кептеліс пайда болыпты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 21 адам қаралды. Олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде.

"Жол апаты түс кезінде болған. Mercedes-Benz Sprinter мен автобус соқтығысып қалыпты", — деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Полиция мәліметі бойынша, автобустағылар зардап шекпепті. Микроавтобуста болған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Құрбандар жоқ.

Пайда болған кептеліс бірнеше сағатта тарқады, қозғалыс қалпына келтірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев