Мұрат Нұртілеу Ұлттық Банк ұжымына жаңа төрағаны таныстырды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Ұлттық Банктің басшысы қызметіне тағайындалған Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлттық Банк ұжымына бейнебайланыс арқылы таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан осыған дейін Ұлттық Банкті басқарған Ерболат Досаевқа алғыс айтып, ҚР ҰБ Төрағасына да табыс тіледі.

Әр жылдары Ғалымжан Пірматов жеке секторда, екінші деңгейлі банктерде жұмыс істеді, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметтерін атқарды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады