Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметі жариялады.

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылы — ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды