Кремль таратқан суреттен Тоқаев пен Путин каминнің жанында, тым жақын отырып сөйлескені, ал бірнеше күн бұрын Макрон Ресей көшбасшысымен келіссөзді тоғыз метрдей қашықтықта отырып жүргізгені байқалды.
10 ақпан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды. Бұл Тоқаевтың Ресейге Жаңа жылдан кейінгі алғашқы жұмыс сапары болатын. Екі ел басшысы Қазақстандағы қаңтар оқиғасын талқылап, қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін қарады.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Тоқаев Путинге бітімгерлік контингентін жіберу туралы үндеуіне жауап бергені және лаңкестік әрекеттерді тойтарыс беруде қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Келіссөз қорытындысы бойыншаТоқаев пен Путин БАҚ өкілдеріне ортақ мәлімдеме жасады. Кездесу барысында 11 құжатқа қол қойылғаны белгілі болды.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Келіссөздер мен мәлімдеме жасау кезінде екі президенттің арақашықтығы тым жақын болды.
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Сурет: kremlin.ru
Сурет: kremlin.ru
Дегенмен кейін Макронның бұлай істеуіне басқа жағдайдың себеп болғаны анықталды. Reuters агенттігінің екі дереккөзінің хабарлауынша, Эммануэль Макрон Ресейде ПТР сынамасын тапсырудан бас тарқан.
Осыған байланысты Макронға Ресей тарапынан таңдау беріліпті: не ол ресейлік дәрігерлерге ПТР сынамасын тапсыруға келіседі, не әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Макронның екінші нұсқаны таңдағаны көрініп тұр. Кейін Франция президентімен бірге жүргендер «мемлекет басшысының ДНҚ-сын қалдырғысы келмей», қауіптенгені белгілі болды. Қазақстандық делегацияда мұндай үрей болмаған сияқты.