Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігіндегі қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек