Берік Асылов ҚР Бас прокуроры қызметіне тағайындалды

Сенат Тоқаев ұсынған бас прокурордың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына, 55-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына Берік Ноғайұлы Асыловтыy кандидатурасын ұсынды. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев

Бұл туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Оның кандидатурасына барлық депутаттар дауыс берді.

Өз кезегінде парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Берік Ноғайұлының қызметіне табыс тіледі.

Берік Ноғайұлы, президентіміздің сенімін ақтап, жоғары лауазымды қызметті абыроймен атқарасыз деп сенеміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Берік Асыловтың еңбек өтілі:

Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға тергеушісі, Алматы қалалық авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы.

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары;

· Батыс облыстық көлік прокуроры (12.2006-03.2008);

· Ақтөбе облысының прокуроры (03.2008-2010);

· Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (06.2010-2011);

· Алматы қаласының прокуроры (02.09.2011-02.2017);

· Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры (02.2017-03.2019);

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары (03.2019 ж.)

Басқа лауазымдар:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (18.09.2021 бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» және «Ұлттық қауіпсіздік Қамтамасыз ету ісі үшін»

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: