Сонымен қатар Роман Василенко Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен жүздесті.
Сұхбат кезінде Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге шақыру бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдар талқылады.
Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады, – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен бірге тараптар 30 жылда қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы әңгімелесті.
Кездесуде талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді әрі жан-жақты дамытуға дайын екенін білдірді.