Мемлекет басшысының өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Есжан Біртанов 1975 жылы 1 шілдеде туған.
Білімі: 1997, 1999 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономист-менеджер», «экономика магистры» мамандығы бойынша бітірген, бакалавриат.
2002 ж. – «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 ж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive Management бағдарламасы бойынша бітірді.
1998-2003 жж. – ҚР Ұлттық банкінде жетекші дилер, бас дилер, басқарма бастығының орынбасары, Монетарлық операциялар департаментінде дилингілік операциялар басқармасының бастығы, Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары
2003-2005 жж. – Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің дилингтік операциялар басқармасының басшысы.
2005 жылдың 18 қазаны – 2012 жылдың 28 қыркүйегі- Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары.
2012 жылдың 28 қыркүйегі – 2014 жылдың 1 сәуірі - "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ басқарама төрағасы.
2014 жылдың 1 сәуірі-24 маусымы- Ұлттық банктің ұйымдастыру жұмыстары, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментінің төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы.
2014 жылдың 3 сәуір-24 қазан – ҚР Ұлттық банк жоспарлау және бюджет департаментінің директоры.
2014 жылдың 24 қазаны – 2015 жылдың 30 маусымы - ҚР Ұлттық банк жоспарлау және бюджет департаментінің директоры.
2015жылдың 1 шілдесі – 2016 жылдың 11 қаңтары - «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2016-2017 жж. – "Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ басқарама төрағасы.
2018 жылдың 24 қаңтары – 2019 жылдың 28 наурызы – «Бәйтерек» ҰБХ»АҚ басқарушы директоры
2019 жылдың 28 наурызынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары
Басқа қызметтері:
2017 жылдың 1 қарашасынан- «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директор.
2018 жылдың ақпаны- 2019 жылдың сәуірі аралығында- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі директорлар кеңесінің мүшесі.
2018 жылдың 31 қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2019 жылдың 12 сәуірінен- KASE директорлар кеңесінде ҚР Ұлттық банк өкілі.
2019 жылдың 13 мамырынан - KASE Қазақстандық қор биржасы директорлар кеңесінің басшысы.