Германия босқындарды Шығыс Еуропаға депортациялауды тоқтатты

Сурет: pixabay
Украинадағы әскери қақтығыс жағдайында депортациялауға жататын қылмыскерлер мен басқа адамдарды жер аудару тоқтатылды. Бұл Ресей Федерациясымен және Украинамен тікелей әуе қатынасының болмауына және басқа да себептерге байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украинадағы жағдай аясында Германияның барлық федералды штаттары қылмыскерлер мен депортациялауға жататын басқа адамдарды Шығыс Еуропа елдеріне аударуды белгісіз мерзімге тоқтатты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл шешім Ресей мен Украинаға ғана емес, Беларусь пен Молдоваға да әсер етеді.

Бавария федералды жеріндегі ішкі істер министрлігі дереккөзінің айтуынша, қазіргі уақытта әуе кеңістігінің жабылуына және тікелей әуе қатынасының болмауына байланысты депортация мүмкін емес.

Польша мен Румыния Украинадан босып келіп жатқандардың көптігіне байланысты Германиядан депортацияланатын азаматтарды белгісіз мерзімге дейін қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді