Шымкент қаласының тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен кендір өсірген

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Заңнамаға сәйкес ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарын заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бары туралы ескертеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды