Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 5 пайыздай көбейді

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өзара саудасы 9 956,9 млн АҚШ долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,8% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы қаңтар-мамырдағы тауарлар экспорты 2 929,3 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (0,9%-ға аз), импорт – 7 027,6 млн АҚШ доллары (7,3%-ға көп).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғарғы өсім жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша байқалды, өсім – 3 есе. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалды (53,4% аз).

Импортта өсім мыс кендері мен концентраттары бойынша байқалды – 17,6 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіштің төмендеуі тіркеліп отыр (53,7 % аз).

Армения
Ресей
Қазақстан
Қырғызстан
Беларусь
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді

Елімізде өте сирек кездесетін қар барыстарының әрбіріне ат берілмек