Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон іс-шараны салтанатты түрде ашты, БҰҰ мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері де қатысты.
Конференцияда сөз сөйлеген Мұхтар Тілеуберді трансшекаралық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл контекстінде өңірлік және жаһандық деңгейдегі іс-қимылдарды одан әрі тығыз үйлестіруге шақырды.
Министр АӨСШК 6-шы саммитінің қорытындылары туралы және БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарын бекіту туралы хабарлады.

Сурет: gov.kz
Форум аясында ҚР СІМ басшысы БҰҰ және ЕО делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Контртерроризм басқармасының басшысы Владимир Воронковпен болған кездесу барысында БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде әрі қарай іске асыру мәселелері талқыланды.
Сурет: gov.kz
ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ Еуроодақтан келетін делегациялардың Астанаға алдағы сапарларының кестесі талқыланды.