«Тілеген Төлегенұлы Қасқын Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының мүшесі болып тағайындалды;
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының мүшесі болып тағайындалды», - делінген Ақорда сайтында.
Қасқын Тілеген бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Ардақ Теңгебаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.
Қасқын Тілеген 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қорған ауыл шаруашылығы академиясын (1994) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2000) бітірген.
Еңбек өтілі:
Соколов аудандық тамақ комбинатының слесары (1987);
«Игілік-банк» ОАО Соколов филиалының аға, жетекші маманы (1994-1995);
Соколов ауданының экономика комитетінің төрағасы (1995-1997);
Қызылжар аудандық шағын және орта бизнес комитетінің төрағасы (1997-1998);
академияның студенті (1998-2000);
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2000-2001);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (2001-2003);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (09.2003 - 07.2004);
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі (07.2004 - 04.2006);
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (04.2006 - 11.2008);
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (11.2008 - 03.2010);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы (03.2010 – 07.2013);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Тәртіптік кеңесінің төрағасы (07.2013 - 2014 ж.);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы (2014-2015);
Бөлім басшысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы (01.2016 – 10.2016);
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы (21.10.2016 – 07.2018);
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы (07.2018 жылдан 2022 жылға дейін).
Ардақ Теңгебаев 1971 жылы Торғай облысында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бухгалтерлік есеп және шаруашылықты талдау мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек өтілі:
«Қазагропромбанк» АҚ Торғай филиалының маманы, Арқалық қаласы (09.1993 - 01.1994);
«Қазагропромбанк» АҚ Амангелді филиалының аға экономисі, экономисі, Амангелді ауылы (01.1994 - 03.1996);
«Қазагропромбанк» Торғай облыстық филиалының аға инженері, бас инженер-бағдарламашысы, Арқалық қаласы (04.1996 - 09.1996);
«Қазагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының менеджері (1993-1997);
Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығы (1997-2003);
Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аға инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығы (2003-2004);
Салық комитетінің «Ақпараттық технологиялар паркі» басқармасының бастығы (2004-2005);
Семей қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы (2005-2007);
Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің басшысы (08.2007 - 05.2009);
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Мамандандырылған басқармасының бастығы (05.2009 - 04.2010);
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары (04.2010 - 11.2012);
ҚР Қаржы вице-министрі (11.2012 - 12.2016);
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (14.12.2016 - 10.2018);
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (02.2019 жылдан 2022 жылға дейін).