Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы швейцариялық «Roche Holding AG» фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді.

Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды.

Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды