Ерлан Қарин алдағы сайлаудың негізгі 10 жаңалығын атап көрсетті

Сурет: ortcom.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Қазақстан мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. 2004 жылдан кейін алғаш рет мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы).

2. Үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды.

3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды.

4. Партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді.

5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады.

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы болмайды.

7. Алғаш рет мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында "бәріне қарсымын" деген баған енді.

8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді.

9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді.

10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны – төртеу).

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр