Қазақстанда ArtSport бағдарламасына 86,7 млрд теңге бөлінді

Сурет: Zakon.kz
25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа мәжілісінде ArtSport бағдарламасына 86,7 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2023 жылы мемлекеттік спорттық-шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтуға 86,7 млрд теңге бөлді", - деді министр.

Асхат Оралов балалардың спортпен, дене шынықтырумен айналысуына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. 2022 жылы 4 пен 17 жас аралығындағы 400 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер 13 000 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев «ArtSport» бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келуін жазып алатын арнайы QR коды енгізіледі.

Желтоқсан айының соңында ArtSport бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді. Жолдамалар саны біреуге дейін қысқарды (бұрын екі балаға дейін тіркеуге болатын). Санитарлық талаптар да күшейтілді, төменгі жас шегі өзгертілді (мысалы, бұрын еркін күрес бес жастан басталса, қазір 10 жастан басталады).

Бұған дейін Бас прокуратура 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасының ұрланғанын анықтаған болатын. Жемқор шенеуніктер іс жүзінде ешқайда кетпеген 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың схемасын әзірледі. Нақты қызмет көрсетуде де үлкен проблемалар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты