Бақытжан Сағынтаев: ЕАЭО-қа мүше елдерде ортақ валюта болмайды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде ортақ валюта болмайды. Бұл туралы Алматыда алты мемлекеттің үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық комиссияның кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жиында премьер-министрлер бірқатар маңызды мәселе талқылап, өзара ынтымақтастық пен алыс-берісті одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев көптен бері айтылып жүрген ортақ валюта енгізу тақырыбы күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

"Бұл біздегі Одақ келісімшартынан шығып отыр. Ол келісімшартқа сәйкес, 2025 жылға қарай біз ЕАЭО елдеріне ортақ, бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыруымыз керек. Осының аясында қаржы саласының заңнамасын үндестіру туралы келісім қабылдануы керек. Қаржы саласы дегенде банктер, бағалы қағаздар, сақтандыру нарығы екенін білесіз, яғни Одаққа мүше елдер арасында ортақ валюта енгізілмейді. Біздің келісімшартта, құжатта бұл туралы мүлдем айтылмаған".Бақытжан Сағынтаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі