АСК Алматыдағы кейбір учаскелердің кабинаcында неге перде жоқ екенін түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Алматының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау күні кабиналарда перде болмауы заңды ма, жоқ па, соны түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия "Қазақстандағы сайлау туралы" заңда жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда міндетті түрде перделердің болуы туралы талап көрсетілмегенін түсіндірді.

"Бірақ заңның 8-бабына сәйкес дауыс беру құпия түрде жүзеге асады. Бұл сайлаушылардың еркін дауыс беруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде ешкім қатыспауы және көрмеуі керек деген ережені сақтайды", - делінген хабарламада.

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сағат 14:10-дағы ақпарат бойынша сайлаушылардың 46,84%-ы дауыс беріп үлгерген.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі дауыс беру рәсімі басталғалы бері ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 шағым түскенін айтқан. Олар көбіне Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде