Бақылаушылар Алматы сайлау учаскесіндегі бұзушылықтар туралы айтты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда мектептердегі байқаушылар басшысы Александр Братенков қалада жүйелі бұзушылықтар анықталмағанын, алайда кейбір сенімді тұлғаларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберуге тура келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кейбір сенімді өкілдер учаске басында жасырын үгіт жүргізген. Осыған байланысты жекелеген азаматтарды учаскелік сайлау комиссияларының актілері мен шешімдері негізінде сайлау учаскелерінен шығаруға тура келді.

"Жекелеген сайлаушылар тарапынан бұзушылықтар болды. Қарағанды тұрғыны есептен шығару құжаты бойынша мәслихат депутаттары сайлауына өзін қатыстыруды талап еткен кезі болды. Тіпті іс насырға шауып, полиция шақыруға тура келді". Александр Братенков


Сондай-ақ жекелеген саяси партиялар мен кандидаттардың сайлау учаскелері маңында үгіт-насихат жүргізу фактілері болды.

"Қала тұрғындары арасында құқықтық мәдениет пен сауаттылық деңгейі керемет емес екендігіне баса назар аудартқым келеді. Дегенмен, егер біз құқықтық мемлекет құрғымыз келсе, құқықтық мәдениет деңгейін жүйелі түрде арттырып отыруымыз керек. Құқықтық білімді, білім деңгейін арттыру қажет. Себебі сайлау процесіне біліктілігі төмен бақылаушылар мен сенімді тұлғаларды жіберудің арты ауыр салдарға әкеліп соқтырады", – деді ол.

Сағат 20:10-дағы жағдай бойынша, Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарына дауыс беруге сайлаушылардың жалпы санының 54,09%-ы қатысты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды