Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі

Сурет: Zakon.kz
Жанар-жағармайдың ішкі нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Бұл туралы 3 сәуірде Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондықтан оның пікірінше, қиын, бірақ сонымен бірге қажетті қадам – шекті бөлшек бағаны көтеру керек, атап айтқанда:

Тиісті бұйрық жобасы, министр атап өткендей, бүгін, 3 сәуірде жарияланады.


"Баға айырмашылығын қазір төмендетпесек, жақын арада жанармайдың жалпы тапшылығына тап боламыз. Оның үстіне бұл саланың одан әрі дамуына жолды жауып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді". Болат Ақшолақов

Сонымен қатар, министр Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдердің тізіміне енгізілгенін нақтылады.

Мысалы, Ресейде дизель отынының құны орташа есеппен литріне 345 теңгені құрайды, бұл 45 пайызға қымбат. Ал Қырғызстанда баға 64%-ға жоғары және 390 т/л құрайды, Өзбекстанда ол екі есе қымбат – 480 т/л (101%).

Бұл ретте Ақшолақов соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, дизельдік отын 30 пайызға өскенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі