Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірдегі жарлығымен Дархан Қыдырәлі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағайындау туралы жарлық Ақордада жарияланды.

«Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.

Дархан Қыдырәлі 1974 жылы дүниеге келген. Стамбул университетін бітірген. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер болып бастады. Осы университетте тарих кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, аппарат жетекшісі, доцент қызметтерін атқарды.

2005-2006 жылдары Дүниежүзі тарихы, археология және этнология кафедрасында доцент міндетін атқарушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды. 

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениет орталығы директорының кеңесшісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2007 жылы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2008-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.

2012-2014 жылдары Түркі мемлекеттері кеңесі Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

2016 жылдың шілдесінен 09.02.2022 жылға дейін – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдың қыркүйегінде Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігін басқарды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: