QazVac әзірлеушісі Ұлттық ғылым академиясының президенті болды

Сурет: primeminister.kz
QazVac әзірлеушісі Күнсұлу Закарья ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 сәуірінде қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, - делінген ресми ақпаратта. 

Күнсұлу Дальтонқызы - әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in ( QazVac) қазақстандық вакцинасының әзірлеушісі.

Ол биологиялық қауіпсіздік, биотехнология және микробиология саласындағы мойындалған маман ретінде белгілі.

К.Закарияның жетекшілігімен биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және микробиология саласындағы құрамына 200-ден аса ғылыми жоба мен 22 халықаралық жоба кіретін 10 ғылыми-техникалық бағдарламаның орындалуын үйлестіру, мониторинг және бақылау жүзеге асырылды.

Оның ішінде «Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігі: эпизотологиялық мониторинг, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға және диагностикаға арналған арнаулы құралдардың сынағы, енгізілуі және коммерциализациясы» ҒТБ;

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі: қауіпті бағалау; оны ескерту мен жоюдың ғылыми-теникалық негіздері» ҒТБ, «Возраждение» аралы аумағының қазақстандық бөлігін шаруашылық айналымға қосуды ғылыми-практикалық сүйемелдеу» ҒТБ, «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ҒТБ-ға жетекшілік етті.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді