Қазақстанда 170 жаңа өнеркәсіптік жоба іске қосылады

2023 жылы Индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Әлихан Смайылов атап өткендей, биыл экономикаға 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр. Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталуда. Сонымен қатар релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті, тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасуда.


"Индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда", — деп атап өтті Премьер-Министр.

 Оның айтуынша, мұнай-газ саласында Теңіз кенішінде Сағалық қысымды басқару және Болашақ кеңейту жобаларын іске асыру жалғасуда, 5-ші компрессордың құрылысы басталып, Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын тауарлық газды дайындау жобасы пысықталуда.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында жалпы қуаты 1 млрд текше метрден асатын газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. және қуаттылығы 4 млрд текше метр болатын тағы бір газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталып жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: