ҚР СІМ Суданнан отандастырымыздың қалай эвакуацияланып жатқанын айтып берді

Қазақстан азаматтарын барлық ықтимал жолдар, соның ішінде Эфиопия мен Сауд Арабиясы Корольдігінің территориясы арқылы алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда шиеленіс аймағынан Қазақстанның бірқатар азаматтары эвакуацияланды. Эфиопиядағы ҚР елшілігі Суданнан біздің азаматтарды қауіпсіз алып шығу жұмыстарын үшін Мысыр мен Сауд Арабиясындағы ҚР-дың шетелдік мекемелерімен тығыз байланыста, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Судандағы соғыс қимылдары басталған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды қақтығыс аймағынан эвакуациялау мәселесін барынша пысықтауға кірісті.

Эфиопияда тіркелген бірқатар елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын Суданнан эвакуациялауға көмектесу үшін ресми өтініштер жіберілді.

Сыртқы істер министрлігі Эфиопиядағы ҚР елшілігі азаматтарымызды Суданнан келісілген және қауіпсіз шығару үшін Мысырдағы және Сауд Арабиядағы ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз байланыста екені хабарлады.

ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін елшілік жанынан жедел желі ашылды: +251 945 051 624 (WhatsApp), kazembethiopia@gmail.com, kazembethiopia@mfa.kz.

Елшілік Эфиопия сыртқы істер министрлігіне, БҰҰ-ның Судан мен Эфиопиядағы бөлімшелеріне, сондай-ақ Түркия, Ресей және Жапония елшіліктеріне Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға белсенді көмектесіп жатқаны үшін алғыс білдірді.

15 сәуірден бастап Суданда тұрақты әскер мен жедел әрекет ету күштері (SAS/SWAT) арасында қарулы қақтығыс басталды.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: