Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты

Сурет: freepik
Марат Қарабаевтың айтуынша, жеңілдетілген автокөлік несиесі әділ әрі ашық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті. Кезек қаншалықты адал жүріп жатыр деген сұрақ туындады. Оны жоққа шығару үшін біз оны онлайн жасадық, цифрландырдық. Бұл қоғамның және БАҚ-тың талабы, сұранысы болды".Марат Қарабаев

Сонымен қатар ол бағдарламаға көлігі барлар қатыса алмайтынын баса айтты. Министр жеңілдетілген автонесие механизмі ай сайын жұмыс істейтінін қоса кетті.

"Қазір ай сайын шамамен миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Енді біз мынадай механизмді қарастырып жатырмыз: қаражат 500-ге жуық көлікке жеткен соң іске қосамыз, яғни бұл дегеніміз 5 миллиард және одан да көп қаражат. Біз бір айда тағы бір миллиард жинаймыз, содан кейін бағдарламаны тағы да онлайн түрде жариялаймыз. Бұл - ең ашық механизм".Марат Қарабаев

Министр бағдарламаға төрт бағыт бойынша түзетулер енгізілетінін айтты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды