Лукашенко сырқаттанып жүргені жөніндегі қауесетке жауап берді

Сурет: Белорусь президентінің баспасөз қызметі
Беларусь президенті Александр Лукашенко сырқаты туралы айтуды доғаруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол пікір білдірген кадрлар республика басшысының баспасөз қызметіне жақын "Пул Первого" Telegram арнасында жарияланды.
"Біреу мені өліп қалады деп ойласа, сабыр етіңіз. Сабыр етіңіз. Бұл мессенджерлер мен телеграм каналдарындағы өсек-аяңнан басқа түк те емес. Аденовирус немесе тағы не еді? Аденовирус. Ештеңе", –  деді Лукашенко.

Көптен бері ел алдына шықпаған Беларусь президенті Александр Лукашенко 14 мамырда Минскіде өткен іс-шараға да келмеді, бұл "президент қатты науқастанып жатыр" деген қауесеттің желдей есуіне себеп болды.

Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады