2025 жылға дейін Қазақстаннан Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылады

Сурет: Zakon.kz
30 мамыр күні өткен үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев халықаралық тасымал бойынша 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілген.

"Нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатыр. Бүгінде 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары", - деді министр.

Сонымен қатар мына маршруттар жаңартылған:

Сонымен бірге мына маршруттар ашылды: Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»), Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2), Астана – Сиань – Пекин («Air China»), Шымкент – Дели («Fly Arystan»).


"Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз", - деді министр Марат Қарабаев.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті