Былтырғы қорытынды бойынша отандық авиакомпаниялар 11 млн жолаушыны тасымалдаған

Сурет: Zakon.kz
Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 17% артық (9,4 млн. адам). Осындай деректерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму мнистрі Марат Қарабаев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өсу қарқыны биыл да сақталып отыр. Биыл 4 айда тасымалданған жолаушылар саны 38% артып, 3,6 млн адам болған (2022 жылы – 2,6 млн.адам). Әуе транзиті де жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Қазір Қазақстан әуе транзиттері үшін неғұрлым тартымды бола түсті. Мәселен, 2022 жылы қызмет көрсетілген ұшу көлемі 410 мың ұшақты құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90% артық (215 мың ұшақ)". Марат Қарабаев

2023 жылғы 4 айда (119,7 мың ұшақ) өсім байқалады. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 26% артық (94,9 мың ұшақ).

Министр Азаматтық авиация саласын дамыту үш бағытта жүргізілетінін атады:

  1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  2. Маршруттық желіні дамыту.
  3. Инфрақұрылымды дамыту.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер