Жетісу облысында ауыл тұрғынын балағаттаған әкім жазаланды

Сурет: pixabay
Жоғары басшылық Алакөл ауданы Үшарал ауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың мамыр айының ортасында әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын мен әкім Мақсұт Сайділдиновтың әңгімесінің видеосы пайда болда. Видеода әкім бейәдеп сөздерге жол береді. 

26 мамырда Жетісу облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті жергілікті белсенді азаматтардың арызынан кейін қызметтік тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша 31 мамырда аталған департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі әкімге жаза қолдануды ұсынды.

6 маусымда Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдінов жергілікті тұрғындарға дөрекілік танытып, балағат сөздер айтқаны үшін Сайділдиновке қатаң сөгіс жариялады.

Авторы - Азат Жұмаханов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды