Қостанай облысындағы орман өрті: жоғары лауазымды тұлғалар неге жауапқа тартылмай қалған

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында 2022 жылғы орман өртіне байланысты жоғары лауазымды шенеуніктердің неге жауапқа тартылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер әкімнен Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты неге қарапайым қызметкер жауапқа тартылып, ал жоғары лауазымды адамдар жазасыз қалғанын сұрады.

Құмар Ақсақалов қазір орман шаруашылығы директорының соты болып жатқанын еске салды.

"Ол бірден қамауға алынды, өйткені ол орман шаруашылығы территориясында жұмыс істейтіндердің барлығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалауы керек болатын. Бұл арадағы мәселе - трактор ұшқынды басу құрылғысынсыз жұмыс істеген. Ұшқын жерге түсіп, өрт басталды. Мұның бәрін тиісті адамдар қарауы керек болатын. Соның ішінде орман шаруашылығы директоры да жауапты", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ ол тергеу барысында  басқа да бұзушылықтар анықталғанын атап өтті. Қазір олар бойынша сот талқысы жүріп жатыр. 

Бірақ әкім ол қандай бұзушылықтар екенін атап көрсетпеді. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды