Мәжіліс "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң мен түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, бұрынғы ядролық полигонның жерлерін пайдалану және оның аумағын оңалту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту аумақты оңалту, елдің ғылыми әлеуетін дамыту, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде Қазақстанның ұстанымын нығайту мақсатында әзірленген.

"Семей ядролық қауіпсіздік аймағында азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау, аймақ жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу және оларды өзгерту үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті құзыреттері белгіленді, – деді мәжілістің Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Сонымен бірге депутаттар ілеспе түзетулер аясында кәбіл-өткізгіш өніміне кәдеге жарату алымын өндіріп алуды жоюға бағытталған тиісті түзетулер енгізді. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мөлшері нақтыланды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: