Ерболат Досаев "Неге отставкаға кетпейсіз?" деген сұраққа жауап берді

Сурет: Алматы әкімдігі
26 ​​шілдеде Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарының "әкім отставкаға кетсін" деген өтініші туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау ауданының тұрғыны әкімге отставкаға кетуі туралы сұрақ қойды. Оның айтуынша, тиісті петицияға 57 мыңнан астам адам қол қойған.

"Сіз "тыңдайтын мемлекет, әділ Қазақстан" туралы жиі айтасыз. Қаладағы көп келеңсіз оқиғалар сіздің атыңызбен байланысты. Қазір 57 мың азамат, оның ішінде Алатау өңірінің тұрғындары да бар, отставкаға кетуіңізді талап етіп, қол қойды. Неге олардың сөзін тыңдамасқа? Неге отставкаға кетпейсіз? " – деп сұрады тұрғын Ерболат Досаевтан.

Әкім Алматыда 2 миллионнан астам адам тұратынын, бұл 57 мыңның қаншасы "тірі" соны анықтау керек екенін айтты. "Бәлкім олардың кейбірінің тегі, аты, ЖСН-і жоқ шығар?" деп жауап берді ол.

"Біз көп нәрсе істедік және жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз. Қала дегеніміз – тірі организм. Күнде бірдеңе болып тұрады. Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды, бірақ мені мемлекет басшысы тағайындады, сондықтан ол менің жұмысымды бағалайды". – деді Ерболат Досаев.
Алматы
Қазақстан
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды