Маңғыстау облысы прокуратурасы құны 7 млрд теңге жер учаскесін мемлекетке қайтарды

Сурет: zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарлауынша, биыл мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскесі, оның ішінде "Алтын учаскелер" деп аталатын жерлер қайтарылды.

Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге болатын 255,5 гектар 6 жер телімі қайтарылды. Сонымен қатар прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.

Жекелеген аудандарда шамамен 60-қа жуық ауылшаруашылық жер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сай келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20%-дан аз).


"Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақытылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр".Маңғыстау облысының прокуратурасы
Қазақстан
Атырау
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты