Дархан Қыдырәлі Царград сайтының бұғатталғаны туралы: Бұны саясаттандырудың қажеті жоқ

Сурет: primeminister.kz
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ресейлік "Царград" телеарнасы сайтының бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр кез келген мемлекет сияқты Қазақстан үшін де ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды екенін айтты.

"Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ... Ақпарат кеңістігіне қауіп төндіретін ақпарат Ата Заңымызға қайшы келсе, ал ақпарат мемлекетіміздің құқықтық нормаларын, БАҚ туралы заңнамасын бұзатын болса, бұл материалдарға тосқауыл қойылады".Дархан Қыдырәлі

Ол 2016 жылдан бері Қазақстанда 40-тан астам шетелдік сайттардың бұғатталғанын атап өтті. Солардың бірі - "Царград" телеарнасының сайты.

"Басылымдарға біздің стандарттарды сақтау керек екенін айтып, ескертеміз. Бірақ егер БАҚ біздің талаптарымызды орындамаса, олар міндетті түрде бұғатталады. Шетелдік немесе отандық БАҚ болсын, біз барлығын осы талаптар мен заңдарды сақтауға және құрметтеуге шақырамыз".Дархан Қыдырәлі

Ресейлік "Царград" телеарнасының сайтына кіруге қазақстандық заңнама талаптары бұзылғандықтан шектеу қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді