БРИКС елдері одақты кеңейту мәселесі бойынша өзара келісімге келді

Сурет: wikimedia.org
Оңтүстік Африка СІМ басшысы Наледи Пандор БРИКС елдері одақты кеңейту мәселесі бойынша келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз одақты кеңейту мәселесі бойынша келістік, қолда қабылдаған құжатымыз да бар. Онда БРИКС-ке мүше болғысы келетін елдердің өтінішін қарастыру принциптері, процестері көрсетілген", - деп Ubuntu Radio радиостанциясы СІМ басшысының сөзін келтіреді.

Қазіргі уақытта БРИКС-ке бес мемлекет мүше. Өз кезегінде экономикалық блокқа қосылуға ниет білдірген 23 мемлекет бар: Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бахрейн, Беларусь, Боливия, Куба, Мысыр, Эфиопия, Гондурас, Индонезия, Иран, Қазақстан, Кувейт, Марокко, Нигерия, Палестина, Сауд Арабиясы, Сенегал, Тайланд, БАӘ, Венесуэла және Вьетнам.

2022 жылы БРИКС ұйымды инклюзивті ете түсу үшін оған мүше елдердің санын кеңейтетінін мәлімдеді. Ол кезде одаққа кем дегенде 19 мемлекет қосылғысы келетінін мәлімдеп үлгерген.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "БРИКС +" форматындағы мемлекет басшылары диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысатыны хабарланған болатын.

Айта кетсек, РФ Президенті Владимир Путин БРИКС саммитінде бейнебайланыс форматында сөз алып, ұлттық валютадағы есеп айырысуды кеңейту қажеттігі туралы айтқан болатын.

Ресей
Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады