Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Ақордада нақтыланғандай, кездесу Йоханнесбургте өтетін БРИКС 15-ші саммиті аясында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 09:35 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 24 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция арқылы БРИКС плюс форматындағы Мемлекет басшылары диалогының отырысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада нақтыланғандай, кездесу Йоханнесбургте өтетін БРИКС 15-ші саммиті аясында өтеді.

"Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының "БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады", -деп жазылған ресми ақпаратта.

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: