Қазақ ақынына тұлпар мінгізген Садыр Жапаров өзіне тағылған сынға жауап берді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров өзін мадақтап, ән айтқан көрші елдің жас ақынына ат мінгізненін сынаған Қазақстан ақындары одағы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтаевқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Садыр Жапаров Ыстықкөлде көкбөріден клуб командалары арасында басталған Әлем кубогының ашылу салтанатында қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа сәйгүлік мінгізетінін, ат иесін Бішкекте күтетінін айтты, деп хабарлайды Кабар

Бір аптадан кейін уәде етілген сәйгүлік қазақ ақынының қолына да тиді. Алайда бірнеше күннен соң Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев бұл жайтты сынға алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

Қырғыз елінің басшысы Аманжол Әлтаевтың бұл сынын "ыңғайсыз жайт" деп салды. 

"Ең алдымен "Елшіге де, әншіге де өлім жоқ" дейді халқым. Елшілер өз жұмысын жасайды. Әншілер, тіпті ақындар өздеріне ыңғайлы жерде ән салады. Сын айтып ән салады, мадақтап ән салады, бірдеңе сұрау үшін ән салады. Одан кемшілік, саясат іздеудің қажеті жоқ". Садыр Жапаров

Қырғыз Президентінің айтуынша, ақын Біржан Қалдыбаев - қырғыздың жиені.

"Мен қазақтың жиенімін. Біз туысқанбыз. Бесінші атам Солтонқұлдың әйелі Нооча қазақтың қызы еді. Үшіншіден, біз қырғыз-қазақша сөйлейтін халықпыз. Сол сәтте арғымақ сыйға тартпасам, ол маған бір кезде ән шырқайтын еді. "Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа әлі жоқ па?" деп айтар еді. Ол жерге қатыспасам, сол ақынның әнін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, сіз ешқашан жайсыз жағдайға тап болған жоқсыз". Садыр Жапаров

Оның атап өтуінше, қазақ ақынына тұлпар мінгізудің астарында ешқандай саясат жоқ.

"Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым. Ал енді мен Біржан Қалдыбаевтың қандай ақын екенін де білмеймін. Мен оны бұрын да танымайтынмын. Оны көше ақыны деп атаған. Қазір көше ақыны болса, ақыры қазақ-қырғыз халқына белгілі ақын болып кетер? "Бесіктегі бала патша бола ма, кім білсін, құрсағындағы бала патша бола ма, кім білсін", деген бар. Ол жас бала екен. Қолдау болса ақыры атақты ақын болып шығар". Садыр Жапаров

Оның айтуынша, қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды.

"Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Қазіргі әлемдік жағдай өткір. Қазақ пен қырғыздың арасына от салғысы келетін үшінші күштер әлі де жоқ емес. Біз мұндай адасушылықтан аулақ болуымыз керек. Арамыздағы тыныштықты сақтайық. Онсыз да ат төбеліндей ғана елміз", - деді Садыр Жапаров сөз соңында.


Қазақстан Қырғызстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: